Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары ассоциациясы (IAAF) тамызда Риода өтетін олимпиада ойындарына қатысқысы келетін ресейлік жеңіл атлеттерге арналған нұсқаулық жасап шығарды. IAAF мәлімдемесінде "шетелде жүріп, басқа сенімді допингке қарсы жүйелердің талаптарын орындап, ресейлік жүйеге ұрынбағанын сенімді түрде дәлелдей алған" жекелеген спортшылардың халықаралық жарыстарға қатыса алатыны айтылған.
IAAF атлеттер Ресей өкілдері ретінде емес, тәуелсіз спортшы ретінде жарысқа қатыса алады дейді. Өткен аптада ассоциация допинг дауына ұрынған Ресей құрамасын халықаралық жарыстарға қатысудан шеттету тыйымын күшінде қалдырған.
Ассоциация шешімі Халықаралық олимпиада комитетінің допинг сынағынан аман өткен спортшылар Ресей құрамасы атынан жарысқа қатыса алады деген ұйғарымына қайшы келеді.