Accessibility links

Еуроодақ басшылары Ұлыбританияны одақтан шығуды созбауға шақырды


Еуропа Одағы мен Ұлыбритания тулары. (Көрнекі сурет.)
Еуропа Одағы мен Ұлыбритания тулары. (Көрнекі сурет.)

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер, Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц және Еуропа Одағының қазіргі төрағасы, Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте Ұлыбританиядағы референдумде британ азаматтарының одақ құрамынан шығуды жақтап дауыс бергеніне байланысты қынжылыс білдіріп, бірақ олардың ерік-жігерін құрметтейтіндерін мәлімдеген.

Біріккен Корольдіктегі референдум нәтижесіне байланысты жұма күні қабылданған мәлімдемеде Ұлыбританияны Еуропа Одағы құрамынан тезірек шығып кетуге шақырған. Еуропа Одағы құрамынан шығу қаншалықты ауыр болса да, бұл процесті белгісіз уақытқа соза берудің қажеті жоқ делінген құжатта.

Дональд Туск Еуропа Одағы құрамындағы 27 елмен жұмысын жалғастыра береді деп мәлімдеген.

24 маусымда Ұлыбританиядағы референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланып, көпшілік дауыспен елдің одақтан шығатыны туралы шешім қабылданғаны мәлім болған соң премьер-министр Дэвид Кэмерон биыл күзге дейін отставкаға кететінін мәлімдеген.

АҚШ президенті Барак Обама Біріккен Корольдік тұрғындарының шешіміне Ақ үйдің құрмет танытатынын айтып, АҚШ үшін Біріккен Корольдік пен Еуропа Одағы Еуропаның, Ұлыбританияның және әлемнің өркендеуін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орны бөлек әріптес болып қала береді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG