Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанмен шекарада ветеринарлық бақылауды күшейтті


Қырғыз-қазақ шекарасынан өтіп жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)
Қырғыз-қазақ шекарасынан өтіп жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда «сібір жарасы» қауіпті дертін жұқтырғандар оқиғасының тіркелуіне байланысты, Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы шекарада бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан тарабы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық комиссиясына қауіпті дертті жұқтырған малдың ет және сүт өнімдерінің альянс территориясында таралуының алдын алуға шақырып хат жолдаған.

Осы аптада дәрігерлер Шығыс Қазақстан облысындағы екі тұрғынның «сібір жарасы» дертін жұқтырғанын анықтаған. Оның алдында Қарағанды облысында осы ауруға шалдыққан деген күдікпен ауруханаға жатқызылған екі адам көп ұзамай қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG