Accessibility links

Стамбулдағы құрбандар арасында Өзбекстан азаматы бары да хабарланды


Ататүрік әуежайындағы жарылыс болған орын. Стамбул, Түркия, 28 маусым 2016 жыл.
Ататүрік әуежайындағы жарылыс болған орын. Стамбул, Түркия, 28 маусым 2016 жыл.

Стамбулдағы жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Өзбекстан азаматтары да бар деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы.

28 маусымда Стамбулдың халықаралық Ататүрік әуежайында болған жарылыстардан соңғы мәліметтер бойынша 36 адам қаза тауып, 147 адам жараланған. Кейбір мәліметтер бойынша, жараланғандардың кейбірінің халі өте ауыр.

Haber Turk интернет басылымының ақпраатына қарағанда, қаза тапқан 36 адамның 18-інің аты-жөні анықталған және құрбандар арасында Өзбекстанның азаматы бар. Бірақ ресми орындар құрбандардың аты-жөні мен қай елдің азаматтары екені жайлы ақпаратты әлі жарияламады.

Өзбекстандық kun.uz сайтының хабарлауынша, жарылыстан зардап шеккендер арасында өзбекстандық бір әйел бар. Сайт бұл туралы Стамбул ауруханасына түскен әйелдің өзі хабарлады дейді.

XS
SM
MD
LG