Accessibility links

ҰҚК төрағасы: Қарағанды облысында теракт жасамақ болған 6 адам ұсталды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында "қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолданып террористік әрекет жасамақ болды" делінген топ ұсталған топ құрамында жеті адам болған деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Кеше ҰҚК 26 маусымда күдікті топты ұстау кезінде олардың бірі өзін-өзі жарып жібергенін, қалғандары ұсталғанын хабарлаған. Басқа құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ресми мәлімет бойынша, бұл топ Қарағанды облысындағы Балқаш қаласында және Гүлшат елді мекенінде қолға түскен. Гүлшаттағы "радикалды топты" ұстау барысында олардың бірі өзін-өзі жарып, жарақаты салдарынан өлген.

Парламенттің біріккен отырысынан соң журналистер сұрағына жауап берген Жұмақанов "Алты адам ұсталды. Салафи ағымын ұстанған" деген. Оның сөзінше, бұл оқиғаның Ақтөбеде болған оқиғалармен байланысы жоқ.

XS
SM
MD
LG