Accessibility links

Ресейлік ескекшілер жұбы Рио олимпиадасынан шеттетілді


Ресейдің академиялық ескек есуден ерлер жұбы (Көрнекі сурет).
Ресейдің академиялық ескек есуден ерлер жұбы (Көрнекі сурет).

Ресейлік академиялық ескек есуші екі ерлер жұбы спортшылардың бірінің қанынан допинг белгілері табылған соң Рио олимпиадасы ойындарына қатысудан шеттетілді деп хабарлады Халықаралық ескек спорты федерациясы (FISA).

Ресей допингке қарсы агенттігінің 17 мамырда жүргізген тексеруінде ескекші Сергей Федоровцевтің жарыстан тыс кезде алынған сынамасынан тыйым салынған триметазидин препаратының белгілері табылған.

Федоровцев сынамасынан допинг табылған жалғыз спортшы болса да Швейцарияда орналасқан FISA-ның тамызда өтетін олимпиадаға қатысуға тыйым салу шешімі қалған үш ескекшіге де қатысты.

Ресейлік ескекшілер жұбы олимпиада ойындарына жолдаманы Швейцарияның Люцерн қаласында өткен іріктеу жарысында ұтып алған еді. Енді Ресей құрамасының жолдамасы Жаңа Зеландияға беріледі.

FISA Федоровцевтен алынған А және В сынамаларына жасалған тексеріс онда тыйым салынған метаболикалық модулятор барын көрсеткен дейді. B сынамасының қорытындысы 30 маусымда жарияланған.

XS
SM
MD
LG