Accessibility links

Standard & Poor's Brexit-ке байланысты ЕО рейтингісін төмендетті


Нью-Йоркте орналасқан Standard and Poor's агенттігі кеңсесі (Көрнекі сурет).
Нью-Йоркте орналасқан Standard and Poor's агенттігі кеңсесі (Көрнекі сурет).

Standard & Poor's рейтинге агенттігі Еуропа Одағының (ЕО) қаржы-несиелік рейтингін төмендетті. Бұған Ұлыбританияның ЕО-дан шығуға дауыс беруіне байланысты одақ тұтастығына қатысты алаңдаушылық себеп болған.

Еуропадағы кейбір ЕО-ға қарсы партиялар Ұлыбританияның одақтан шығуға дауыс бергенін қолдап, өз елдерінде де, әсіресе Францияда референдум өткізуге шақырған.

Wall Street несие агенттігі де ЕО рейтингін "АА" деңгейінен "АА+" деңгейіне дейін төмендетті. Агенттік "ЕО ішіндегі біолік туралы ұстанымын қайта қарағанын" және Ұлыбритания одақтан шыққан соң ЕО бюджетінде икемділік әлсіз болады" деп болжайтынын мәлімдеді.

206 жылы ЕО бюджетінің 21 пайызын Германия, 16 пайызын Франция, 13 пайызын Ұлыбритания толтырған.

"ЕО-ның кіріс болжамы, ұзақ мерзімдік капиталды жоспарлау және аралық басты қаржылық буферлеріне өзгерістер жасау үлкен белгісіздікті тудырады" дейді агенттік.

Standard & Poor's ЕО келешегі тұрақты екенін айтып, бұдан ары рейтингін төмендету жоспары жоғын білдірді.

Өзге ірі Moody's және Fitch сияқты несие агенттіктері ЕО рейтингісін әзірге өзгертпеді.

XS
SM
MD
LG