Ресейдің Башқұртстан аймағында 600 мыңнан астам адам апат салдарынан электр қуатынан ажырап қалды. Ауруханаларды электрмен қамтамасыз ету үшін автономды генераторлар іске қосылды. «Башнефть» мұнай компаниясы зауыттарында шикізат өндіретін қондырғылар жұмысы тоқтап тұр.
Бұған дейін Башқұртстан астанасы Уфа және тағы бірнеше аймақта электр қуаты берілмей қалғаны хабарланған. Апаттың себебі анықталып жатыр.