Accessibility links

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт мейрамы басталды. Бүгін, 5 шілде таңертең Қазақстандағы қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде Ораза айт намазы оқылды.

Үш күнге жалғасатын Ораза айт кезінде мұсылмандық діни жоралғы бойынша жұрт отбасында дастарқан жайып, бір-бірінің үйіне айттап келген қонақты қарсы алып, оған арнайы әзірленген дәм ұсынады.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Ораза айт Қазақстан мен Қырғызстанда бүгін, Өзбекстан мен Тәжікстанда ертең басталады. Ал Қырғызстанда Ораза айттың алғашқы күні ресми түрде демалыс деп жарияланған.

Ораза айт мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңы болып есептеледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG