Accessibility links

Ирактағы жарылыстан мерт болғандар 200-ден асты


Бағдадта жарылыс болған аймақ. 3 шілде 2016 жыл.
Бағдадта жарылыс болған аймақ. 3 шілде 2016 жыл.

Бағдадтағы терактіден мерт болғандар саны 213 адамға жетті. Бұл туралы Ирак үкіметі хабарлады.

"Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобы мойнына алған шабуылдан 200-ден астам адам жарақаттанған. Ирак үкіметі жарылысқа қатысы бар бес адамға өлім жазасы орындалғанын, 40 адам қамауға алынғанын хабарлады. Елде 4-6 шілдені қаралы күн деп жарияланған.

3 шілдеде Бағдадтың орталығындағы Әл-Каррада ауданында автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған, арада біршама уақыт өткенде қаланың солтүстік бөлігінде екінші жарылыс болған. Дүкендер мен дәмханалар жиі орналасқан бұл ауданындағы жарылыс оразадағы ауызашардан кейін адам қарасы көбейген шақта жасалған.

Жарылыстар бірталай уақыттан бері ИМ тобы бақылауында ұстап келген Фаллуджа қаласын үкімет әскери экстремистерден қайтарып алған соң бір аптадан кейін жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG