Accessibility links

Шведова Wimbledon жарысының финалына шықты


Ярослава Шведова Лондондағы жарыста.
Ярослава Шведова Лондондағы жарыста.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Лондонда өтіп жатқан Wimbledon турнирінің жұптық жарысының финалына шықты.

Әйелдер арасындағы жұптық жарыста венгриялық Тимеа Бабошпен бірге ойнап жатқан Шведова жартылай финалда америкалық жұп Эбигейл Спирс пен Ракель Атавоны ұтты - 6:4, 6:2. Енді олар финалда тағы бір америкалық жұп, апалы-сіңілі Винус және Серена Уильямстармен кездеседі.

Шведова мен Бабош ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Сания Мирза мен Мартина Хингисті (Үндістан және Швейцария) 6:2, 6:4 есебімен жеңген.

Финал 9 шілдеде болады.

XS
SM
MD
LG