“Әл-Каиданың” бұрынғы лидері Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладен интернетте жариялаған аудио үндеуінде АҚШ-тан әкесінің кегін алатынын айтқан. Бұл туралы ақпаратты үкіметтік емес SITE Intelligence Group ұйымы таратты.
“Біз – бәріміз Усама” атты 20 минуттық аудио үндеуде Хамза АҚШ пен оның одақтастарына қарсы күресті жалғастыра беретінін, оның жақтастары АҚШ территориясы мен басқа шетелдерге де соққы жасайтынын айтқан.
Хамза бен Ладен өз үндеуінде “Палестина, Ауғанстан, Сирия, Ирак, Йемен, Сомали және басқа мұсылман жерлері үшін де кек алатынын” мәлімдеген.
2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестікті ұйымдастырды деп айыпталған Усама бен Ладен 2011 жылы Пәкістанда АҚШ әскерилерінің арнайы операциясы кезінде қаза тапқан.