Accessibility links

Сомалиде әскери базаға шабуылдан он солдат мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Reuters агентігінің хабарлауынша, "Аш-Шабаб" террорлық ұйымының әскери базаға жасаған шабуылынан он шақты әскери қызметкер мерт болған.

Үкімет әскері шабуылдаушы тараптан 12 адамның көзі жойылғанын хабарлады. Ал "Аш-Шабаб" шабуыл кезінде билік әскерінен 30 адам мерт болғанын айтады.

Шілденің басында «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Аш-Шабаб» исламшыл тобы Сомали астанасы Могадишода шабуыл жасап, 18 адам мерт болған. Бұл ұйым Кенияда бұдан бұрын да бірнеше шабуылдар ұйымдастырған еді. Олар Сомалидің оңтүстігіндегі исламшылдарға қарсы операцияларға Кения үкіметі әскерінің қатысып жатқанына наразы.

XS
SM
MD
LG