Accessibility links

Гуантанамоның екі тұтқыны Сербияға беріледі


Гуантанамо түрмесі.
Гуантанамо түрмесі.

АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо түрмесінде отырған екі тұтқын Сербияға беріледі. Осыдан кейін түрмеде 76 адам қалмақ.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері Тәжікстан азаматы Мухаммади Давлатов және Йемен азаматы Мансур Ахмад Саад аль-Дайфи Сербияға тапсырылады.

Екі сотталушының не үшін Сербияға берілгені туралы ақпарат толық айтылмаған.

Ал Тәжікстан азаматы Давлатовтың трансфері туралы шешім алты жыл бұрын шығарылған. АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігі Давлатов енді елдің ішкі қауіпсіздігіне қатер төндірмейді деген шешімге келген.

XS
SM
MD
LG