БҰҰ есебі бойынша, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны жыл сайын 57 пайызға өсіп жатыр.
БҰҰ мәлімдеуінше, 2001 жылдан бері әлемде жыл сайын 1,9 миллион адам ВИЧ вирусын жұқтырады.
"Жыл сайын ВИЧ-ке шалдыққандар саны Кариб бассейні аймағында сегіз пайыз, Таяу Шығыста төрт пайыз өсіп отыр. Батыс және Орталық Еуропада және АҚШ-та ВИЧ жұқтыратындардың көбі - ер адамдар. Ал әлемде барлық ВИЧ жұқтырғандардың 80 пайызы - Ресейден" деп жазылған БҰҰ есебінде.
Сарапшылар Ресейде инъекциялық есірткі қолданатындарға арналған профилактикалық бағдарламалар аз екенін айтады.