Accessibility links

Бішкекте жаңа төлқұжат үлгісіне қарсы митинг өтіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бішкектегі Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметі ғимараты жанында төлқұжаттағы "ұлты" деген бағанды қалдыруды талап еткен митинг өтіп жатыр.

Қоғамдық белсенді Әділ Турдукуловтың айтуынша, митингке жастар ұйымының өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық белсенділер, барлығы 60 адам қатысып жатыр.

Осыған дейін Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметі жаңа төлқұжат үлгісін ұсынған. Бұл үлгіде "ұлты" деген баған алынып тасталған. Бұл қоғамда қызу пікірталас туғызған.

XS
SM
MD
LG