Ресей АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі (Broadcasting Board of Governors - BBG) төрағасы Джефф Шеллді Мәскеудің Шереметьево әуежайына келген бетте бөгеп, оның Ресейге кіруіне тыйым салған.
BBG-дегі қызметіне қоса NBC Universal компаниясында да басшылық қызмет атқаратын Шеллді шілденің 13-і күні түнде Прагадан ұшып келгенде паспорт тексеру орнында бөгеген. Ол өзін жеке бөлмеде бірер сағат ұстап, ақыры таңғы сағат 5-те KLM әуе компаниясының Амстердамға ұшатын ұшағына мінгізіп жібергенін The New York Times газетіне айтты. Шереметьево әуежайының қауіпсіздік қызметі оның Ресейге кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеген.
BBG басшылығы АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Тефтпен кездесіп, бұл оқиғаны талқылады.
BBG агенттігі құрамына Азат Еуропа/Азаттық радиосы да кіреді.