Accessibility links

Арнайы қызмет: Бразилияда француз делегациясына шабуыл жоспарланған


Бразилия арнайы қызметі сарбаздары (Көрнекі сурет).
Бразилия арнайы қызметі сарбаздары (Көрнекі сурет).

Франция барлау қызметінің басшысы Кристоф Гомар Бразилиядан шыққан содыр Рио-де-Жанейро олимпиадасы кезінде француз делегациясына шабуыл жасауды жоспарлағанын мәлімдеді. 13 шілдеде жарияланған стенограммада генерал Гомардың бұл туралы мамыр айында парламентте өткен Франциядағы 2015 жылғы шабуылдар туралы тыңдауында мәлімдегені айтылады. Гомар жоспарланып жатқан шабуыл туралы ақпарат "серіктес қызметтен" алынғанын айтқанымен, егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Бразилия барлау агенттігінің басшысы Вильсон Роберто Трезза 13 шілдеде Франция террористік жоспарға байланысты өзі басқаратын агенттікпен байланыс жасамағанын айтты. Ол Бразилия ресми өкілі 5-21 тамызда болатын олимпиада ойындарындағы ықтимал қауіпті бақылап отырғанын да жеткізді. Бразилия қауіпсіздік қызметінің өкілдері радикалдық топтар жақтастары отыруы мүмкін делінген әлеуметтік желілер мен байланысты құралдарындағы хат-хабар мен әңгімені аңдып отырғанын айтты. Қауіпсіздік қызметі жекелеген жанкештілердің немесе содырлардың олимпиада кезінде топ болып шабуыл жасау ықтималдығы көбірек қауіп тудырады дейді.

Бразилия билігінің ақпаратына қарағанда, олимпиадада қоғамдық тәртіпті 85 мыңға тарта қауіпсіздік қызметкері бақылайды. Бұл - Лондон олимпиадасында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметкерлер санынан екі есе көп.

XS
SM
MD
LG