Accessibility links

СІМ: Ниццадағы шабуылда қазақстандықтар зардап шеккен-шекпегені анықталып жатыр


Ницца орталығындағы шабуыл болған орын. Франция, 14 шілде 2016 жыл.
Ницца орталығындағы шабуыл болған орын. Франция, 14 шілде 2016 жыл.

Ниццадағы шабуыл құрбандары мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бары туралы ақпарат әзірге түскен жоқ деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Министрлік Twitter-дегі парақшасында шабуыл құрбандары мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтады.

Сыртқы істер министрлігі Ниццадағы террорлық актіні қатаң айыптап, Франция халқының қайғысына ортақтасатынын білдірген.

14 шілде күні кешке Ницца қаласының орталығында Бастилияны алу күні құрметіне орай фейерверкті тамашалауға жиналған көпшілік адамды жүк көлігі баса көктеп таптаған. Кейбір бейресми мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі бұдан соң адамдарға оқ атқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шабуылдан кем дегенде 73 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Жүргізушіні полиция атып тастаған.

XS
SM
MD
LG