Accessibility links

Франция билігі азаматтарды еріктілер қатарына шақырды


Ниццада 14 шілдедегі шабуыл құрбандары құрметіне қойылған гүлдер.
Ниццада 14 шілдедегі шабуыл құрбандары құрметіне қойылған гүлдер.

Франция ішкі істер министрі Бернар Казнев ел азаматтарын, әскери дайындық деңгейіне қарамастан, полиция резерві қатарына қосылуға шақырды.

Министрдің пікірінше, бұл осы аптада Ниццада болған терактіден кейін төтенше жағдай мерзімін ұзартқан Францияда қауіпсіздік шараларын нығайтуға көмектеседі. Жоспар бойынша, шара барысында 12 мың ерікті тарту көзделген.

14 шілдеде Ниццада Бастилияның алынған күніне арналған мерекелік шараға жиналған жұртты тегі тунистік француз азаматы, 31 жастағы Мохамед Ляуэйж-Булэль үлкен жүк көлігімен таптап өтіп, салдарынан 84 адам қаза тауып, 200-ден астам адам зардап шеккен, олардың кейбірі ауыр жарақат алған. Полиция шабуылшыны оқиға орнында атып өлтірген. Кейін «Ислам мемлекеті» террористік тобы Ниццадағы терактіге жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG