Accessibility links

Петропавлда "Сирияға барып-қайтқан адам" сотта соңғы сөзін айтты


"Сирияға барып қайтты" деп сотқа тартылып жатқан Петропавл тұрғыны Марат Өмірзақов (ортада) сотта тұр. Петропавл, 18 шілде 2016 жыл.
"Сирияға барып қайтты" деп сотқа тартылып жатқан Петропавл тұрғыны Марат Өмірзақов (ортада) сотта тұр. Петропавл, 18 шілде 2016 жыл.

Петропавл қалалық сотында бүгін "Сирияда әскери іс-қимылдарға қатыспақ болды" деген айыппен сотқа тартылған тұрғын Марат Өмірзақов соңғы сөзін айтты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 1969 жылы туған Марат Өмірзақовқа қылмыстық кодекстің 233 бабының 2 тармағы бойынша ("террористік топ құрып, басшылық жасау немесе оның қызметіне қатысу") айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша сотталушы 2012 жылы Түркияға кетіп, одан ары Сирияға өткен. Сириядан Түркияға қайтып оралған күдіктіні 2016 жылы Түркия билігі "құжаты дұрыс емес" деп ұстап, қаңтарда Қазақстанға қайтарған. Сирияға кеткен. Күдіктіге "Сирияда болғаны" туралы айып сотталған өзге екі адамның куәлігі бойынша тағылған. Сотқа куә ретінде тартылған, бұған дейін "Сирияда болғаны үшін" сотталған екі куәгер оны Сирияда көрдік деген.

Сотталушы тергеуде берген жауабында әуелде Сирияға барғанын мойындамаған. Ал бүгінгі сотта көрсетілген видеодағы жауабында оның Сирияға барғанын мойындағаны, "Сирияда бейбіт адамдарды қырып жатқанын кейін ғана түсініп, Түркияға қайтып кеткені", "ешкімді өлтірмегені" айтылған.

Соңғы сөзінде сотталушы Сирияға барғанын терістеп, куәгерлердің ешқайсысын танымайтынын айтты.

Прокурор сотта Өмірзақовты айыпты деп танып, оны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Марат Өмірзақовқа сот үкімі ертең жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG