Accessibility links

Еревандағы кепілге тұтқын алу

17 шілде күні таңертең "Құрылтайшы парламент" қозғалысының белсенділері Еревандағы полиция бөлімшесін басып алды. Олар ішінде Армения полициясы бастығының орынбасары Вартан Егиазарян, Ереван полициясы бастығының орынбасары Валерий Осипян бар алты адамды кепілге алған. Бірнеше кепіл тұтқынды олар дүйсенбі таңертең босатқан. Полиция бөлімін басып алғандар өткен айда түрмеге қамалған "Құрылтайшы парламент" қозғалысы лидері Жирайр Сефилян мен оның серіктерін босатуды талап еткен. Олар Сефилянды саяси тұтқын санайды. Басып алушылар мен қақтығысты бір полицей өлген, үшеуі жараланған. Бұл суреттер жарияланған кезде келіссөз әлі жүріп жатты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG