Accessibility links

Ресейде спорт министрі орынбасары қызметтен шеттетілді


Ресей спорт министрінің орынбасары Юрий Нагорных.
Ресей спорт министрінің орынбасары Юрий Нагорных.

Ресей спорт министрінің орынбасары Юрий Нагорных қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы шешімді Ресей премьері Дмитрий Медведев қабылдады. Ресейлік Lenta.ru сайтының ақпаратына қарағанда, Нагорных спорт құрама командаларын медицина-биологиялық, медицина-санитарлық және медициналық қамтамасыз етуге жауапты болған.

Кеше Ресей президенті Владимир Путин Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) комиссиясында айтылған жалған допинг сынамасын жасаттты деген лауазымды тұлға тергеу толық аяқтағанша қызметінен уақытша шеттетілетінін мәлімдеген. Путин WADA-дан Ресей спортындағы допинг дауы туралы толық ақпарат сұраған.

Президент антидопинг агенттігі таққан айыпты терістемеді, дегенмен айыпты "спортты геосаяси қысым құралы ету әрекеті" ретінде бағалады.

Дүйсенбіде WADA есебін жариялап, Ресейдің допингке қарсы зертханасы спортшылардың тыйым салынған препараттарды қолданғаны туралы сынамасын әдейі жасырды деген. WADA спортшылардың сынамаларына қатысты қитұрқылықтарға Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қатысы бар деп, ресейлік спортшыларды барлық халықаралық жарыстарға қатысудан шеттетуге шақырды.

XS
SM
MD
LG