Accessibility links

Алматыда "Сарыарқа" базары маңы қоршалған


Алматы көшелеріндегі күшейтілген қауіпсіздік шарасы. 20 шілде 2016 жыл.
Алматы көшелеріндегі күшейтілген қауіпсіздік шарасы. 20 шілде 2016 жыл.

Алматыда бүгін түске дейін полиция "Сарыарқа" базары маңындағы территория аз уақытқа қоршауға алды. Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полицияға Алтынсарин мен Қуанышбаев көшелерінің қиылысында жол жиегінде күдікті сөмке бары туралы хабарланған. Базар аумағына барған полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері сөмкеден "қарапайым құрал-сайман" тапқан.

Алматыда бүгін таңертең екі сағатқа жуық уақыт Гоголь-Зенков-Мақатаев-Абдуллиндер көшелері қоршалған. ІІД әуелде аумақта "жедел іздестіру шаралары" жүріп жатқанын хабарлаған. Кейін бұл кезде аталған көшелерде Алматыдағы шабуылға күдікті жалдап тұрған пәтер тінтілгені хабарланды.

18 шілдеде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан үш полицей мен бір шекарашы және бір бейбіт тұрғын оққа ұшқан.

XS
SM
MD
LG