Accessibility links

Сирияда тағы бір ресейлік әскери қаза тапқан


Сириядағы ресейлік әскери қызметкерлер. Пальмира, 5 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Сириядағы ресейлік әскери қызметкерлер. Пальмира, 5 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияда тағы бір ресейлік әскери қызметкер – шарт бойынша қызмет атқарып жүрген қатардағы жауынгер Никита Шевченко қаза тапқан. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлаған.

Ресми ақпарат бойынша, ол Сирияның Алеппо провинциясында қаза болған. Шевченко Сириядағы өзара соғысып жатқан тараптарды татуластыру орталығы жергілікті тұрғындарға жіберген азық-түлік тиелген автоколоннамен бірге келе жатқанда көлігі минаға түсіп, жарылған.

Никита Шевченко мемлекеттік наградаға ұсынылды деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.

Сирияда қаза тапқан ресейлік әскери қызметкерлер саны 14 адамға жетіп отыр.

XS
SM
MD
LG