Accessibility links

Меркель Мюнхен полициясына кәсіби жұмысы үшін алғыс айтты


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Мюнхендегі қарулы шабуылда қаза тапқандардың туыс-жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды Deutsche Welle радиосы.

Бүгін Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Меркель «Олимпия» сауда орталығы мен аймақаралық пойызда «әрқайсымыз болуымыз мүмкін еді» деп мәлімдеген. Канцлер кәсіби жұмысы үшін полицияға алғыс білдіріп, Германия билігі қылмысты ашу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды деп уәде еткен.

Жұма күні Мюнхеннің солтүстік-батысындағы «Олимпия» сауда орталығында ер адам қарудан оқ жаудырып, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, жиырмаға жуығы жараланған. Полиция шабуылға күдікті – Иран мен Германия азаматтығына ие 18 жастағы жігіт және ол жалғыз әрекет еткен болуы мүмкін деп мәлімдеген. Полиция күдіктінің діни экстремистермен байланысы табылмағанын хабарлады. Күдіктінің үйінен қоғамдық орындардағы жаппай адам өлтіру оқиғалары туралы газет мақалалары табылған. Тергеушілер күдікті Норвегияда осыдан тура бес жыл бұрын – 2011 жылы 22 шілдеде 70-тен астам адамды өлтіргені үшін кейін 21 жылға сотталған Андреас Брейвиктің идеясына қызығушылық танытқан болуы мүмкін деген болжам айтады.

Мюнхенде қаза тапқандарды аза тұту жарияланды. Демалыс күндері қалада ойын-сауық шаралары өткізілмейді.

XS
SM
MD
LG