Accessibility links

Павлодарда трамвайға найзағай түскен


Павлодар облысының аумақтық картасы.
Павлодар облысының аумақтық картасы.

Павлодар қаласында жолаушылар тасып бара жатқан трамвайға найзағай түсті деп хабарлайды Tengrinews сайты. Оқиға кезінде қалалық көлікте оншақты адам отырған. Оқиға болған жерден түсірілген суреттерді қолданушылар Вконтакте әлеуметтік желісінде жариялаған. Суреттен найзағайдың трамвайдың алдыңғы бөлігіне, көліктің төбедегі электр желісімен жалғанатын тұсына түскені байқалады. Найзағай терезенің үстіңгі бөлігін сындырып, вагонның металдан жасалған қаптамасын балқытып жіберген.

«Павлодар трамвай басқармасы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға трамвай өз бағытымен кетіп бара жатқанда болған. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. «Найзағай трамвайдың электр желісіне түскен. Ұшқын шыққан. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет өкілдері барған, тұтанған отты сөндірген» деп хабарлаған баспасөз қызметі.

Павлодарда жауын толастаған жоқ. Ауа райының бұзылуы автокөлік қозғалысына қиындық туығызып отыр делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG