Accessibility links

Полиция: Ереванда полиция штабындағы қарулы топ жетекшісі жараланды


Қарулы топ басып алғна полиция штабы территориясы. Ереван, Армения, 26 шілде 2016 жыл.
Қарулы топ басып алғна полиция штабы территориясы. Ереван, Армения, 26 шілде 2016 жыл.

Ереванда полиция штабын баспы алған қарулы топ жетекшісі Павел Манукян мен оның ұлы өткен түнде полициямен атыста жараланды. Бұл туралы ақпаратты бүгін Армения полициясының ресми өкілі Ашот Агаронян растады. Ол сонымен қатар полиция штабы территориясында оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының "Сасун қаһармандары" ("Сасна црер") қарулы тобының екі өкілі - Гагик Егиазарян мен Арам Акопян күш құрылымдарына берілгенін де айтты.

"Атыс болып, салдарынан құқық қорғау органдарының бір қызметкері, Павел Манукян мен оның ұлы Арам жараланды. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді. Қазір атыс тоқтап, қарулы топтың берілуін аяқтауға қатысты келіссөз жүріп жатыр" деп жазды Ашот Агаронян Facebook-те.

Атыс болғанын Facebook-те "Сасна црер" тобының мүшелері де жазып, полицияның мәліметін ішінара растады. Қарул топ полиция қызметкерлері штаб территориясына кіріп, Павел Манукян, Арам Манукян, Геворк Ирицян мен топтың басқа да мүшелерін жаралағанын айтады.

"Полиция Павел, Арам, Гагик Егиазарян мен топтың тағы бір өкілін алып кетті" делінген Facebook-тегі "Сасна црер" парақшасында.

Кеше түстен кейін полициямен атыста жараланған тағы екі қарулы адам қаруын тастап берілген. Кейбір мәлімет бойынша, 17 шілде күні Ереванның Эребуни ауданында полиция штабын басып алуға 30 шақты адам қатысқан.

Атыс туралы хабар алғаннан бір сағаттай уақыттан соң полиция полиция штабына жақын жерде демонстрацияға қатысқан кем дегенде 20 адамды тұтқындаған. Полиция олардың не үшін ұсталғанын айтпайды.

"Сасна црер" оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының үйлестірушісі, өткен айда заңсыз қару сақтады деген айыппен қамалған Жирайр Сефилянді босатуды және президент Серж Саргсяннің отставкаға кетуін талап етеді.

XS
SM
MD
LG