Павлодар облысында жол апатынан алты адам қаза тауып, алты адам жарақатпен ауруханаға түсті.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі Audi көлігі қарама-қарсы келіп соқтығысқан жол апаты 26 шілде күні түнде Ленин - Ертіс жолында болған. Апаттан жүргізуші, 1971, 1981 және 1989 жылы туған үш әйел, 2015 жылы туған екі сәби мерт болған. Аураханаға түскен алты адамның арасында алты жастағы ұл бала мен 17 жастағы жасөспірім бар.
Жол апатына қатысты "көлікті басқарушы адамның жолда жүру ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтыруы" бабымен қылмыстық іс қозғалған.