Accessibility links

Обама америкалықтарды Клинтонды қолдауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама мен Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Хиллари Клинтон. Филадельфия, 27 шілде 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мен Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Хиллари Клинтон. Филадельфия, 27 шілде 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Демократиялық партия съезінде сөйлеп, америкалықтарды Хиллари Клинтонды сайлауға, осылайша оның сегіз жыл бұрын бастаған "жұмысын аяқтауына мүмкіндік беруге" шақырды.

Обама Клинтонның мемлекеттік хатшы болып тұрғанында, АҚШ қауіпсіздігі үшін маңызды шешімдер қабылданған Ақ үйде жинаған тәжірибесі оны президент лауазымына лайық адамға айналдырғанын айтты.

"Тіпті дағдарыс асқынған кезде ол адамдарды тыңдап, салқынқандылық танытады, барлығына құрметпен қарайды... Ол мен білетін, құрметпен қарайтын Хиллари Клинтон. Сондықтан мен ел тарихында ерлер босын, әйелдер болсын, АҚШ президенттігіне Клинтоннан асқан білікті үміткер болған емес деп сеніммен айта аламын" деді Барак Обама.

Обама осыдан тура 12 жыл бұрын Иллинойс штатынан сайланған сенатор ретінде Демократиялық партия сезінде сөйлеп, көпшілікті назарын өзіне аударған. 27 шілдеде ол америкалықтарға оптимистік тұрғыдан үндеу жолдады. "Мен білетін Америка қайсар және оптимист. Мен білетін Америка парасатты әрі жомарт" деген Обама америкалықтардың көпшілігі болашаққа қатысты "шынымен алаңдайтынын" мойындады.

XS
SM
MD
LG