Accessibility links

Сот Ажарқұловаға шартты жаза кесті


Қыздығой Ажарқұлова адвокаты Гүлнәр Жуасбаевамен сөйлесіп тұр. Шымкент, 6 маусым 2016 жыл.
Қыздығой Ажарқұлова адвокаты Гүлнәр Жуасбаевамен сөйлесіп тұр. Шымкент, 6 маусым 2016 жыл.

Шымкетте бүгін «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, «алаяқтық» бабы бойынша жауапқа тартылып жатқан Қыздығой Ажарқұловаға сот үкімі шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Мадияр Әбдірасилов Ажарқұлованы "алаяқтық" жасады деп айыптап, 3 жыл мерзімге шартты жаза тағайындап, сот залынан босатты. Сот Ажарқұлованың тергеу аясында қамауда отырған сегіз айға жуық уақытының әр күнін бас бостандығын шектейтін екі күнге тең деп есептеп, бір жарым жылын шегерді. Сот үкімі бойынша Ажарқұлованың бас бостандығы енді бір жарым жылға шектеліп, дүние-мүлкін тәркіленбек және өзі бақылауда болмақ.

Бұған дейін екінші жарыссөзде прокурор Талғат Мыңтаев Ажарқұлованы 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуді сұраған. Прокурор сонымен бірге Ажарқұлованың жазасын жалпы режимдегі түзеу колонниясында өтеуді, 3 жыл мерзімге дейін қоғамдық ұйымдарға жетекшілік ету құқығынан айыруды да сұраған.

Үкім жарияланған соң прокурор Талғат Мыңбаев Азаттыққа сот үкіміне қатысты комментарий беруден бас тартты.

Жарыссөздер адвокаты Гүлнәр Жуаспаева Ажарқұлованың еш айыбы жоқ екенін, сотта жәбірленушілер таққан айыбы дәлелденбегенін алға тартып, соттан ақтауды сұраған.

Қыздығой Ажарқұлова жарыссөзде де соңғы сөзінде де судья Мадияр Абдірасиловқа кінәсіз екенін айтып, өзін ақтауды сұраған.

XS
SM
MD
LG