Accessibility links

Шығыс Қазақстандағы дауыл ағаштарды құлатып, нөсерден аулаларды су басқан


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Шығыс Қазақстан облысында өткен түні қатты дауылдан жетпістен аса ағаш құлап, салдарынан отыздан астам автокөлікке зиян келген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, желдің жылдамдығы секундына 21-23 метрге дейін жеткен.

Өскеменде қатты желдің салдарынан жеңіл жарақат алған екі адамға дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген деп хабарлайды tengrinews.kz сайты.

Дауылға қоса нөсер жауып, жеке меншік тұрғын үйлердің аулаларын су басқан. Ауа райын бақылау қызметінің мәліметі бойынша, жұма күні 60 милимметр ылғал түскен.

Қала әкімдігінде табиғи апат салдарын жою жөнінде жедел штаб құрылған. Қазір жергілікті төтенше жағдайлар, коммуналдық және жол қызметтерінің күшімен ағаштар құлап, су басқан аудандарда тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG