Accessibility links

Савченко украин соғыс тұтқындарын қолдап аштық жариялады


Надежда Савченко, украиналық ұшқыш. Киев, 2 тамыз 2016 жыл.
Надежда Савченко, украиналық ұшқыш. Киев, 2 тамыз 2016 жыл.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко бүгін украиналық соғыс тұтқындары үшін аштық жариялайтынын мәлімдеді.

"Мен әлем елдері үкіметтерінің украиналықтарды тұтқыннан босату мәселесінде әрекетсіздік танытып отырғанына қарсы тағы да аштық жариялаймын. Аштықты бұл мәселеде оң нәтиже шыққанға дейін ұстай беремән" деді Савченко 2 тамыз күні Киевте өткен баспасөз конференциясында.

Тікұшақ навигаторы болған Савченконы 2014 жылы маусымда Донбаста ресейшіл сепаратистер ұстап, Ресейге тапсырған. Ресей соты оны Украинаның шығысында ресейлік екі журналистің қазасына қатысы бар деп айыптап, биыл 22 жылға соттаған.

Мамыр айында Украинада қамауда отырған екі ресейлікпен алмастырылған Савченко соғыста қолға түскен украин әскери тұтқындарын босатуға және ресейшіл сепаратистермен тікелей бейбіт келіссөз жүргізуге бірнеше рет шақырған.

"Олардың патриоттық ұрандары мен жымысқы әрекеттері бізге не берді? Донбас бұл саясиланған соғыс пен Ресейден не тапты? Өлім, қираған өлке мен Ресей әскерінің тонауы және өзіміздің арсыз олигархтардың күшеюінен басқа ешнәрсе таппадық" деді Савченко.

Украинаның шығысында Донецк мен Луганск облыстарында 2014 жылы сәуірде үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында басталған қақтығыстардан 9 мың 400-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG