Accessibility links

Түркіменстан Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты


Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Түркіменстан Қазақстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты шекарасын уақытша жапты. Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, 4-8 тамыз аралығында Түркіменстанға жеңілдетілген тәртіппен баратын шетелдіктер үшін шекара жабылады.

Түркіменстан өткен айда Қазақстанда террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі ұзартылған соң және 18 шілдеде Алматыда болған шабуылдан кейін елге жеңілдетілген тәртіппен келетін шетелдіктер үшін шекарасын бес күнге жапқан.

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы келісім бойынша, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын азаматтар Түркіменстанның Балкан уәлаяты аумағына бес күнге дейін визасыз кіріп, жүріп-тұра алады. Бес күннен асса виза талап етіледі.

XS
SM
MD
LG