Accessibility links

Министрлік: Биыл 6 айда Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді


Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы (Көрнекі сурет.
Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы (Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2016 жылдың алты айында 14 мың 947 этникалық қазақ (6 мың 840 отбасы) көшіп келіп, оралман мәртебесін алды деп хабарлады бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанға келген оралмандардың көбі - 66,7 пайызы Өзбекстаннан оралған. Қытайдан оралған этникалық қазақтар 23,6 пайыз, Түркіменстаннан оралғандар 4,2 пайыз, Моңғолиядан оралғандар 2,4 пайызды құрайды. Қалған 3,1 пайызы - өзге елдерден оралған қазақтар.

Сырттан оралған қазақтардың көпшілігі Алматы (4 мың 729 адам), Оңтүстік Қазақстан (3 мың 44 адам), Маңғыстау (2 мың 311 адам), Жамбыл (1 мың 254 адам) облыстарына қоныстанған. Астанаға 549 адам, Алматыға 219 адам орналасқан.

Министрлік елге оралған этникалық қазақтардың 64,2 пайызы еңбекке жарамды екенін және олардың 10,8 пайызының жоғары білімі, 17,8 пайызының орта арнаулы білімі, 68,1 пайызының жалпы орта білімі барын айтады. Оралмандардың 29,7 пайызы 18 жасқа дейінгілер, 6,1 пайызы зейнет жасындағылар.

XS
SM
MD
LG