Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева Рио Олимпиадасының жарысынан шығып қалды. Шведова жекелей сындағы алғашқы ойында жапон Мисаки Доиден 6:3, 6:4 есебімен ұтылды.
Бұл күні жұптасып өнер көрсетуде Шведова мен Воскобоева алғашқы сетте бельгиялық Кристен Флипкенс пен Янин Викмайер жұбына 6:1 есебімен есе жіберіп, медициналық себеппен матчты ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Екінші раундта Флипкенс пен Викмайер испандық Гарбинье Мугуруса және Карла Суарес-Наварро жұбымен кездеседі.
Шведова және Воскобоевамен қазақстандық теннисшілердің Рио Олимпиадасындағы жарысы айқталды.