Accessibility links

Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы сотталды


Алматының Алмалы аудандық соты (Көрнекі сурет).
Алматының Алмалы аудандық соты (Көрнекі сурет).

Алматының Алмалы аудандық сотында Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы консулы Рашид Рақымбековке қатысты сот үкімі шықты. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, судья Марал Жарылғасова Рақымбековті "заңсыз миграция ұйымдастырды" деп айыптап, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу және мемлекетке материалдық шығын ретінде 27 миллион теңгеге жуық қаржы төлеуге үкім еткен.

Судья Рақымбековті жаза мерзімінде пробациялық бақылауға алуды, пробация қызметіне ескертусіз тұрақты мекенжайын ауыстырмауды және басқа жаққа кетпеуді міндеттеген.

Сотта Рақымбеков пен оның адвокаты үкіміне келіспей, шағымданатынын айтқан.

Рақымбеков 2010-2013 жылдары Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде консул болған. Тергеу мәліметтері бойынша, Рақымбеков Үндістан азаматтарына іскерлік визаны әрекет ету мерзімін бұза отырып берген.

XS
SM
MD
LG