Accessibility links

Сот: Журналистер сотта ұялы телефонды келісіп пайдалана алады


Алматының Әуезов аудандық соты (Көрнекі сурет).
Алматының Әуезов аудандық соты (Көрнекі сурет).

Журналистердің ашық сот процестеріне ұялы телефон алып кіруге құқығы бар деп хабарлады Алматы қалалық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі Ирина Федотоваға сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Брифингте сөйлеген Федотова БАҚ өкілдерінің ашық сотқа қатысып, аудио және видео жазба жасайтын құралдарды пайдалануына тыйым салынбағанын айтты. "БАҚ өкілдері сотқа төрағалық етуші судьяға бір-екі күн алдын ала емес, сот басталар алдында өтініш білдіріп, рұқсат алуы керек. Процессуалдық заңнамада көрсетілгендей, келісім сотқа қатысушылардың пікірі бойынша беріледі. Аудио және видео жазбаны қолдану мәселесі солардың пікірі бойынша шешіледі" деген Федотов.

Оның сөзінше, журналистер сот процесінен хабар таратуда кедергіге тап болса қалалық соттың баспасөз қызметіне тыйым жүгіне алатынын айтады.

XS
SM
MD
LG