Accessibility links

«Талибан» Ауғанстанда кепілге алған жеті адамды босатқан


Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ми-17 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстанда «Талибан» күштері бұған дейін кепілге алған алты пәкістандық және бір ресейлік азаматтарды босатқан. Пәкістан қауіпсіздік қызметінің Азаттыққа айтуынша, жетеуі де тамыздың 12-і күні Ауғанстанның Пәкістанмен шекарадағы Куррам ауданында билік өкілдерінің қолына табыс етілген.

Өзбекстан арқылы Ресейге ұшып бара жатқан Пәкістан үкіметіне тиесілі Ми-17 тікұшағы тамыздың 4-і күні Ауғанстанның шығысындағы Логар уәлаятында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Тікұшақтағы адамдарды «Талибан» күштері ұстап, кепілге алған.

XS
SM
MD
LG