Accessibility links

Астанадағы ломбардта күдікті кепілде ұстаған екі әйел босатылды


Полиция қызметкерлері белгісіз адам екі әйелді кепілде ұстаған ломбардтың алдында тұр. Астана, 14 тамыз 2016 жыл.
Полиция қызметкерлері белгісіз адам екі әйелді кепілде ұстаған ломбардтың алдында тұр. Астана, 14 тамыз 2016 жыл.

Астанада бүгін таңертеңнен бері белгісіз ер адам ломбардта кепілде ұстаған екі әйел аман-есен босатылған. Кейін полиция қызметкерлері ломбардтан күдіктінің өзін алып шығып, көлікке салып алып кеткен.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекованың журналистерге хабарлауынша, күдіктімен екі сағаттан астам уақыт бойы келіссөз жүргізілген. Ол әуелі ломбардтағы әйелдердің бірін босатқан, кейін полиция өкілдері ломбардтың есігін ашқан соң екінші әйел де босатылған. Полиция оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді.

Оқиға болған «М-Ломбард» фирмасының ғимараты Астананың орталығында, Кенесары мен Янушкевич көшелерінің қиылысында орналасқан. Полицияның мәліметі бойынша, жексенбі күні таңертеңгі сағат 9-дың кезінде ломбардқа тонау мақсатымен белгісіз ер адам кірген кезде күзетші болмаған. Ломбардтағы екі әйел қызметкер дабыл түймесін басып үлгерген. Дабыл белгісі қосылысымен ломбардтың есігі автоматты түрде жабылып қалған. Қолға түскен күдікті – 1974 жылы туған ер адамның кім екені туралы билік орындары әзірше ақпарат берген жоқ.

Оқиға орнынан Азаттықтың видеосы:

Ломбардта кепілде ұсталғандар босатылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG