Accessibility links

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова финалға шықты


Ольга Рыпакованың Рио олимпиадасында жарысқа қатысып жатқан сәті. 13 тамыз 2016 жыл.
Ольга Рыпакованың Рио олимпиадасында жарысқа қатысып жатқан сәті. 13 тамыз 2016 жыл.

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысынан Рио олимпиадасының финалына шықты.

Рыпакова іріктеу жарысында 14,39 метрге секіріп, финалға үшінші нәтижемен шығып отыр. Оның басты қарсыластарының бірі колумбиялық Катерин Ибаргуэин 14,52 метрге қарғып, финалға үздік нәтижемен өтті.

Қазақстандық Екатерина Эктова (13,51 м) мен Ирина Эктова (13,33) финалға шыққан 12 атлеттің қатарына іліге алмады.

Үш қарғып секіру жарысының финалы Астана уақыты бойынша 15 тамыз күні таңғы сағат алтыда басталады.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 2012 жылы Лондон олимпиадасында чемпион атағын жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG