Accessibility links

АҚШ-та полиция атқан тұрғынның қазасы тәртіпсіздіктерге ұласты


Терезесі сынған полиция өкілігі. 13 тамыз 2016 жыл.
Терезесі сынған полиция өкілігі. 13 тамыз 2016 жыл.

АҚШ-тың Висконсин штатындағы Милуоки қаласында афроамерикалық азаматтың полиция оғынан қаза табуына наразылық білдірген жүзге жуық адам көшеге шығып, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан деп хабарлады NBC News телеарнасы. Наразылар автокөлік жанармай құю бекетін, банк ғимараты мен екі дүкенді өртеген. Тәртіпсіздіктер барысында атыс болған. Бір полиция қызметкері жараланған.

Бұл оқиғаға дейін Милуокиде 23 жастағы афроамерикалық жігітті полиция атып өлтірген. Билік өкілдерінің хабарлауынша, оққа ұшқан адамның қаруы болған.

Өткен айда АҚШ-та бірнеше қалада афроамерикалық азаматтарға полицияның озбырлық танытуына қарсы шерулер өткен. Далласта 7 шілдеде өткен демонстрациялар кезінде Ауғанстандағы соғысқа қатысқан афроамерикалық тұрғын полицияның бес қызметкерін атып өлтіріп, жетеуін жаралаған. Оқиғадан көшедегі кездейсоқ екі адам да зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG