Accessibility links

Ауыр атлет Зайчиков - олимпиаданың қола жүлдегері


Александр Зайчиков Рио олимпиадасында. 15 тамыз 2016 жыл.
Александр Зайчиков Рио олимпиадасында. 15 тамыз 2016 жыл.

Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан 105 килограмда сынға түскен қазақстандық Александр Зайчиков қола медаль алды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 416 килограмды (193+223) көтерді. Өзбекстандық Руслан Нуруддинов олимпиада чемпионы атанды - 431 кг (194+237). Күміс медальды армениялық Симон Мартиросян иеленді - 417 кг (190+227).

15 тамыз күнгі есеп бойынша Қазақстан олимпиада құрамасында екі алтын, төрт күміс, бес қола медаль бар. Бүгінгі жарыс күні боксшы Василий Левит күміс медаль еншілеген.

XS
SM
MD
LG