Мәскеудің Мещанский аудандық соты бүгін "Русские" ұлтшыл қозғалысының бұрынғы жетекшісі Александр Поткинге (Белов) үкім шығаратын күнді жариялайды деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі.
Поткни 2014 жылы қазанда қазақстандық "БТА банкінен" бес миллиард рубль жымқыру ісіне қатысты тергеу аясында тұтқындалған. Оны қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырды, экстремистік ұйым құрды, диверсия жасамақ болды және ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптайды.
Кеше прокурорлар Поткинді тоғыз жылға соттауды сұраған. Поткиннің өзі тағылған айыптың астарында "саяси кек алу" әрекеті бар деп санайды.