Accessibility links

Ресейлік белсенді Ионов Украинадан саяси баспана алды


Белсенді Владимир Ионов қарсылық акциясы кезінде. Мәскеу, 15 тамыз 2015 жыл.
Белсенді Владимир Ионов қарсылық акциясы кезінде. Мәскеу, 15 тамыз 2015 жыл.

Ресейлік оппозицияшыл белсенді, Ресейде митинг өткізу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалған Владимир Ионов Украинадан саяси баспана алды. Бұл туралы Ионовтың өзіне сілтеме жасаған "Громадське радио" хабарлады.

76 жастағы белсендіге қарсы іс 2015 жылы қаңтарда - жалғыз кісілік пикет өткізгені үшін төртінші рет ұсталған соң қозғалған. 2015 жылдың 8 желтоқсанында сот үкім шығаруы тиіс болатын. Владимир Ионов бұған дейін Ресейден Украинаға кетіп қалып, Киевтен саяси баспана сұраған.

Биыл маусымда Ионов Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына өзін қылмыстық қудалауға қарсы шағымданған. "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Ионовты саяси себеппен қудаланып отыр деп бағалайды.

Митинг өткізу тәртібін бұзғаны үшін істі болған тағы бір белсенді Ирина Калмыкова мамырдың ортасында Литвадан саяси баспана алған.

XS
SM
MD
LG