Иран күштік құрылымдары елдің батысында күдікті үш сүннит содырының көзі жойылғанын мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, үш ер адам бүгін Тегераннан 500 километр қашықтықтағы Керманшах қаласында атыстан оққа ұшқан. Полиция сонымен қатар күдіктілерден автомат пен жарылғыш белдік табылғанын айтады.
Күдікті содырлардың кім екені айтылмағанымен, олар "тәкфиршілер" деп сипатталып отыр. Әдетте бұл термин сүннит экстремистері, оның ішінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларына қатысты қолданылады.
Тегеран бұған дейін ИМ Иран Ирак пен Сирияда әскери іс-қимылдарын күшейткен соң елде шабуыл жасауды жоспарлайды деп мәлімдеген. Маусымда Иран билігі ИМ-нің күдікті 10 содыры ұсталып, жүз килограмға жуық жарылғыш зат тәркіленгенін хабарлаған.