Accessibility links

Қырғызстан қоғамдық комиссиясы: 1916 жылғы оқиғалар - геноцид


1916 жылғы оқиғаларды зерттейтін коғамдық комиссияның төрағасы Әзімбек Бекназаров.
1916 жылғы оқиғаларды зерттейтін коғамдық комиссияның төрағасы Әзімбек Бекназаров.

Қырғызстанда қоғамдық комиссия 1916 жылы патшалық Ресейдің қырғыздардың көтерілісін жаппай басып-жаныштауын геноцид деп таныды. 1916 жылғы оқиғаларды зерттейтін қоғамдық комиссия төрағасы Әзімбек Бекназаровтың айтуынша, мұндай тұжырым Ресей және Қытай билігі берген мұрағат құжаттарының негізінде жасалған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде патшалық Ресейде жергілікті халықтарды әскери бекіністер салуға және ор қазуға күштеп тарту науқаны жүргізілді. Қырғыздар мен қазақтардың көпшілігі патшалы Ресейдің бұл жоспарына қарсы шықты. Болжам бойынша, жазалаушы отрядтар 100 мыңнан 270 мыңға дейінгі аралықтағы қырғызды қырып салған. Жүздеген мың адам қуғын-сүргіннен Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына өтіп кетті.

Қазіргі Қырғызстан территориясында 1916 жылы болған оқиғалар советтік кезеңдегі тарих оқулықтарында айтылмады. Қазақстандағы көтеріліс байлар мен патшалық Ресейге қарсы бүлік және ол 1917 жылы социалистік революцияның жеңісіне жол ашты деп қана сипатталды.

Биыл сәуірде Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин геноцид туралы айыпты жоққа шығарып, "жүз жыл бұрын барлық халық бірдей жапа шеккенін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG