Accessibility links

Мәскеу мэриясы оппозицияның "тамыз бүлігі" күніне орай акциясына рұқсат етпеді


"За право человека" қозғалысының жетекшісі Лев Пономарев.
"За право человека" қозғалысының жетекшісі Лев Пономарев.

Мәскеу мэриясы оппозицияның 1991 жылы тамызда ГКЧП-ны (төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет) жеңудің 25 жылдығына арналған акциясына келісім беруден бас тартты. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушылардың бірі - "За право человека" қозғалысының жетекшісі Лев Пономарев хабарлады.

Пономарев "Эхо Москвы" радиосындағы блогында оппозиция бұрнағы жылдардағыдай 20 және 22 тамызда қала ішінде шерулетіп жүріп, "Защитникам свободной России" ескерткіш белгісіне гүл қоятыны және мемлекеттік туды әуеге көтеретіні туралы ескерткен.

Бірақ Мәскеу билігі көшелердің жөнделіп жатқанын және Ресей мемлекеттік туы күніне арналған ресми іс-шаралардың тым көптігін айтып, Сокольник және Суворовский алаңдарындағы "гайд-парк" деп аталып кеткен орында митинг өткізуді ұсынған.

"Әрине, біз адамдар қаза тапқан жер емес, Сокольникке гүл қоймаймыз. Туды қалай көтеретініміз де белгісіз" дейді Пономарев. Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, ПАРНАС партиясының өкілі Михаил Шнейдер Мәскеу билігінің ұсынысын "қорлау" деп атап, мэрияның жауабына прокуратураға шағымданатындарын айтты.

Ресей туы күні құрметіне шеру өткізуден бұған дейін де бас тартылған. Бірақ билік ұйымдастырушылардың митинг жоспарына келісуден осы кезге дейін бас тартпаған.

XS
SM
MD
LG