Бразилия полициясы Рио-де-Жанейрода Олимпиада қалашығындағы Ирландияның өкілдігінде Олимпиада кезіндегі билеттерді заңсыз сатуды тергеу аясында тінту жүргізді. Тінту кезінде компьютерлер, паспорт, ұялы телефондар мен билеттер тәркіленді. Бұған дейін Ирландия олимпиада комитетінің басшысы, Еуропа олимпиада комитеттерінің басшысы әрі Халықаралық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің мүшесі Патрик Хикки ұсталған.
Ирландия тарапының бұған қатысты мәлімдемесінде комитеттің тағы бірнеше мүшесі "жергілікті полиция бөліміне жауап беруге шақыртылғаны" айтылады. Полицияға шақыртылғандар жауап беруге келісім берген. Ирландия тарапы олардың аты-жөнін жарияламады. Бұған дейін Irish Times басылымы Бразилия билігі ирландиялық үш шенеуніктің паспортын алып қойғанын хабарлаған.
21 тамызда Рио-де-Жанейро билігі Олимпиада билеттерін халықаралық деңгейде алып-сату әрекеті болғаны туралы ақпаратты тергеуге байланысты арнайы операция басталғанын мәлімдеген.