Accessibility links

Әзербайжанда Түркиядағы бүлікке қатысты оппозицияшыл саясаткер қамалды


Фетхулла Гүлен.
Фетхулла Гүлен.

Әзербайжанда Түркияда өткен айда болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты күдікпен оппозицияшыл саясаткер Фаиг Амиров қамалды. Баку соты 22 тамызда оппозицияшыл Әзербайжан халықтық майданы партиясының мүшесі Фаиг Амировты "діни алауыздықты қоздырды" деген айыппен үш айға қамады. Құқық органдары Амировтан АҚШ-та тұратын дін қайраткері, Анкара Түркияда сәтсіздікке ұшыраған мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырды деп айыптайтын Фетхулла Гүленнің кітаптары табылды дейді.

Фетхулла Гүлен мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы барын жоққа шығарады.

Амировтың адвокаты оған қарсы айыпты "сандырақ" деп атайды. Адвокаттың сөзінше, Гүленнің кітаптарында ешқандай үгіт-насихат жоқ және ол әдебиеттерге Әзербайжанда тыйым салынбаған.

Баку Анкарамен тығыз байланыс орнатқан. Түркияда бүлік басылған соң Әзербайжан билігі Түркия президенті Режеп Тайып ердоған жағына шығып кетті.

XS
SM
MD
LG